Accessibility links

Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Кабулға келді


Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Хавиер Солана Ауған ресмилерімен келіссөз өткізу үшін бүгін Кабулға келді. Солананың кеңсесі хабарлағандай, бұл сапар маусымның 12-де Парижде өтетін конференцияға дайындық ретінде жасалып отыр. Ол жиында Ауғанстанға халықаралық көмек мәселесі талқыланады деп жоспарланған. Соңғы хабарға қарағанда, Хавиер Солана Ауған президенті Хамид Қарзаймен кездесіп, Еуроодақтың Ауғанстан алдындағы ұзақ-мерзімді міндеттемесі туралы айтқан. Солана, сондай-ақ, соңғы жылдары Ауғанстанда жасалған алғабасушылықтарды мадақтады. Ол енді НАТО жетекшілігіндегі қауіпсіздік күштерінің басшыларымен және БҰҰ-ның Ауғанстандағы арнайы өкілі Кай Ейдпен кездеспекші. Ал сейсенбі күні Солана көршілес Пәкістанға барады деп күтілуде.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG