Accessibility links

Франция тамыз айының соңына дейін Ауғанстанға қосымша батальон жолдамақ


Мұны кеше "Европа-1" радиосында Франция қорғаныс министрі Херви Морин айтты. Франция президенті Николас Саркози Ауғанстан шығысына 700 шақты сарбазды қосымша жолдаймыз деп осы айдың басында айтқан. Мұның арқасында АҚШ жасақтары "Талибан" сарбаздары аса белсенді боп отырған Ауғанстан оңтүстігіне жылжуға мүмкіншілік алады. Ауғанстанда қазір Францияның бір жарым мыңдай сарбазы қызмет етеді.
XS
SM
MD
LG