Accessibility links

Ауғанстан теледидарында үнді кинолары тоқтай бастады


Ауғанстанның "Ариана" телекомпаниясы үкімет қысымына көніп, "Құмқұм" деп аталатын махаббат туралы танымал үнді киносын тоқтатты. Консервативтік бағыттағы имамдар теледидарда ислам дініне жат нәрселер көрсетіледі деп науқанға жол ашқан. Үкімет мұндай кинолар Ауғанстан мәдениетіне қайшы келеді деп тапты, 22 сәуірге дейін мұндай кинолар тоқтатылсын деп бірнеше телекомпанияға бұйрық берді. Әйтпеген жағдайда олардың лицензиялары тартып алынбақ. "Ариана" телекомпаниясы науқанға бірінші болып көнді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG