Accessibility links

Пан Ги Мун күріш пен бидай экспортын тоқтату аштық мәселесін қиындатады деп ескертті


Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мун азық-түліктің қатты қымбаттауы әлем елдерінде кедейшілікті ұлғайтуы мүмкін деп ескертті. Пан Ги Мун бұл сөзін кеше Гана мемлекетінде Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясы ашылғанда айтты. Пан Ги Мун кейбір елдер азық-түлік қорын сақтау мақсатында күріш пен бидай экспортын тоқтатты, бұл дұрыс емес, бұл халықаралық саудаға кері әсерін тигізеді, тапшылық мәселесін көпке дейін ұлғайтады деді. Пан Ги Мун азық-түлік дағдарысына қарсы дұрыс шара қолданылмаса, басқа проблемалар кезек-кезегімен шығады, экономикалық даму мен әлеуметтік прогресс тоқтайды, әлем деңгейінде саяси тұрақтылық бұзылуы мүмкін деп ескертті.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG