Accessibility links

Далай Лама АҚШ үкіметіне қайырылып, Тибеттегі жағдайды шешуге көмек сұрады


Далай Лама бұл сөзін Мичиган штатында АҚШ сыртқы істер министрінің орынбасары Паула Добрианскимен кездесер алдында айтты. Қытай үкіметі бұл кездесуді орынсыз деп сынады. Қытай үкіметі Тибетте наурыз айында болған көтерілістің артында Далай Лама тұр дейді. Тибеттің шеттегі үкіметі көтеріліс күшпен басылып, 150-ден аса адам өлтірілді дейді. Қытай үкіметі мұны жоққа шығарады, 18 жергілікті тұрғын мен екі полиция қызметкері қаза тапқан, оларды "ереуілшілер" өлтірді дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG