Accessibility links

Дарфур өлкесінде бес жыл соғыста 300 мың адам қаза тапты


Біріккен Ұлттар Ұйымының жоғары өкілі Джон Холмс Суданның Дарфур өлкесінде бес жыл жалғасып жатқан қақтығыстарда шамамен 300 мың адам қаза тапқан сияқты дейді. Мұның алдында, 2006 жылы ұйым жасаған зерттеу соғыс салдарынан, аштық пен түрлі аурулардан шамамен 200 мың адам өлді деген. Ұйым бас хатшысының орынбасары Джон Холмс бұл көрсеткіш кемінде бір жарым есе өсті дейді. Суданның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі Абдұлмахмұд Абдалхалим бұл мәлімет асыра сілтенген, Дарфур өлкесінде 10 мың адам қаза тапты дейді.
XS
SM
MD
LG