Accessibility links

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ресей мен Грузия мәселесін бүгін талқылайды


Ресей үкіметі сепаратистік Абхазия мемлекетінің үстінде Грузия барлау ұшағының жүргені Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында жасалған бітім келісімін бұзатын нәрсе деп мәлімдеді. Оқиға Ресей мен Грузия қатынастарын қиындатып жіберді. Мәселе бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде талқыланбақ. Грузия барлау аппараты Абхазия аспанында жексенбі күні атып түсірілген, Грузия мұны Ресей қырғи ұшағы жасады деп айыптайды. Ресей сыртқы істер министрлігі мұны жоққа шығарады, барлау ұшағын Абхазия әскері атып түсірді дейді.
XS
SM
MD
LG