Accessibility links

"Союз" ғарыш капсуласының апат алдында болғаны анықталды


Арқалық даласында демалыс күні қонған "Союз" ғарыш капсуласының апат алдында болғаны анықталды. "Интерфакс" агенттігі Ресей ғарыш басқармасының қызметкеріне сілтеме жасап, капсула атмосфера кеңістігіне қате жолмен кірді, мұның салдарынан ғарышкерлер апат қаупіне тап болды деп хабарлады. Халықаралық экипаждың құрамында Оңтүстік Кореяның алғашқы ғарышкері Ю Су Ен болды. Ол баспасөз-мәслихатында айтқан сөзінде Жерге қону барысында қатты қорықтым, капсуламен бірге өртеніп кететіндей болдық деп сипаттады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG