Accessibility links

Ауғаныстанда жанкештілік шабуылдан жеті полицей қаза тапты


Бүгін Ауғаныстанда орын алған екі жанкештілік және басқа да шабуылдардан 13 адам құрбан болды. Бір жанкештілік бомба жарылысы Хельманд провинциясындағы полиция керуеніне жасалып, екі офицерді өлтірсе, Қандағар провинциясындағы жанкешті үш адамның өмірін қиды. Елдің шығысындағы Кунар провинциясында талибан жасақтары шекара бекетін басып алып, бес офицерді өлтірген. Онда бірқатар талибандар да өлген. Бұдан бөлек Ауғаныстанның солтүстік шығыс аймағында шекара бекетіне қойылған бомба жарылып, онда үш офицер қаза тапты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG