Accessibility links

Пенсильваниядағы дауыс берулерде Х. Клинтон жеңді


Құрама Штаттарда Хиллари Клинтон Пенсильвания штатындағы демократтардың алдын-ала сайлауларды бәсекелесі Барак Обаманы жеңді. Дауыс берулердің ақырғы қортындысы әлі шықпады. Дегенмен, тамыз айында Демократтар партиясынан кандидат таңдауда өзіне көмектесетіндей бұл жерде Клинтон ханым басым дауыс жинап отыр.

"Шет елдегі екі соғыс және елдегі экономикалық дағдарыспен өздеріңіз білесіздер, үлесіміз жоғары, мәселе қиын болып тұр. Бірақ сіздер мүмкіндіктерді де білесіздер. Ол мүмкіндіктер егер біз жеңімізді түріп, бірінші күннен жетекші болуға дайын президентпен бірге жұмысты бастасақ”, - деді Клинтон ханым.

Дауыс берулер аяқталатын 3-ші маусымға дейін әлі тоғыз рет бәсекелесу болады.

AzattyqTV

Екінші Елизавета

91 жастағы патшайым

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG