Accessibility links

Грузия БҰҰ-ның кездесуінде Ресейді оқшауландыруды қарастырып жатыр


Грузия сыртқы істер министрі Давид Бакрадзе бүгінгі БҰҰ-ның төтенше отырысында өзінің Ресейді шеттетуге тырысатынын айтты. Кеңестің бүгінгі отырысында Мәскеу мен Тбилиси арасындағы Грузияның жікшіл аймағы Абхазияға байланысты кикілжің талқыланады. Грузия жексенбі күні Абхазия үстіндегі өзінің адамы жоқ барлаушы ұшағын атып түсірді деп Ресейді айыптап отыр. Ресей ол барлаушы ұшақты атқан абхаз көтерілісшілері дей келе, Абхазияға пилотсыз ұшақ жіберіп, БҰҰ-ның атысты тоқтату келісімін бұзды деп Грузияны кінәлады.
XS
SM
MD
LG