Accessibility links

Қазақстан полициясы 2005 жылы Әндіжан көтерілісіне қатысты деген күдік бойынша Өзбекстан азаматын ұстады


Бұл кеше полиция тарапынан ресми жарияланды. Рафик Рахманов деген бұл азамат Өзбекстанға ұстап берілуі мүмкін дейді полиция. Біріккен Ұлттар Ұйымы Босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссариатының Алматы өкілдігі Рафик Рахманов босқын мәртебесін алуға құжаттарын тапсырған, ол Өзбекстанға қайтарылмауға тиіс дейді. Халықаралық демократиялық ұйымдар Әндіжанда бейбіт демонстрациясы күшпен басылып, жүздеген адам өлтірілді дейді. Өзбекстан үкіметі мұны мойындамай келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG