Accessibility links

АҚШ үкіметі Солтүстік Корея Сирияға құпия ядролық реакторды салуға көмектесті дейді


АҚШ үкіметі Солтүстік Корея Сирияға құпия ядролық реакторды салуға көмектесті, бұл реактор бейбіт мақсатты көздемеген деп мәлімдеді. Сирия елшісі Имад Мұстафа СиЭнЭн телекомпаниясына берген сұхбатында мұны жоққа шығарды, АҚШ әкімшілігің дәлелі қолдан жасалған деді. Израиль Сирия ядролық реакторын былтыр қиратқан болатын. АҚШ әкімшілігінің өкілі Дана Перино Сирия шығысында шөлді аймақта реактор салынып жатқан, ол реакторда плутоний өндірілмек болды деп айтты. Реактор қатты қиратылған соң, Сирия үкіметі оның ізін жасырмақ болды делінеді.
XS
SM
MD
LG