Accessibility links

Бағдадтағы қақтығыстарда сегіз адам қаза тапты


Ирақтағы шиит жауынгерлері мен АҚШ және Ирақтық күштер арасындағы шайқастан өткен түнде сегіз адам қаза тапты, оның ішінде әйел адам да бар. Бүгін ирақ ресмилері бұл қақтығыстан кемінде 44 адам жарақат алды деп отыр. Жұма күні радикалды шиит жетекшісі Моқтада әл Садр өзінің Мади армиясы мен Ирақ күштері арасындағы соғысты тоқтатуға шақырғанына қарамастан, қақтығыс тоқтамай отыр. Ол өзінің қауіп-қатері американ күштеріне бағытталғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG