Accessibility links

Қабул қаласындағы әскери парадта шабуыл болды


Бүгін Қабул қаласындағы Ауған президенті Хамид Қарзай қатысып жатқан әскери парад кезінде, оқ атылды. Бұл оқиғадан кейін аман қалған президент Қарзай теледидар арқылы айтқан жолдауында, бұл шабуылға қатыстылар ұсталды деді.

"Бүгін муджахединдер жеңісінің 16 жылдығында, Ауған халқының жаулары мерекені бұзуға тырысып, террор жасады. Бақытымызға орай, ауғандық қауіпсіздік күштері тез арада оларға кедергі жасап, олардың кейбірі қамауға алынды. Қазір бәрі тынышталды”, - деді ол.

Бұл шабуыл Ауғаныстандағы советтік басқыншылықтың құлатылғанына 16 жылдығын тойлап жатқанда орын алды. Денсаулық сақтау министрінің хабарына қарағанда, бұл шабуылда екі адам қаза тапты, оның бірі 10 жасар делініп отыр. Және тағы тоғыз адам жараланған. Министрдің айтуынша, жараланғандар ішінде екі парламент мүшесі, төрт әскери және тағы басқалар бар. Бұл шабуылға жауапкершілікті талибандар алды.
XS
SM
MD
LG