Accessibility links

Чернобыль апатының 22 жылдығы атап өтілді


Осыдан 22 жыл бұрын Чернобыль атом электрстанциясында қуатты экологиялық апат болды. Бұл апаттан құрбан болған азаматтарын Украина, Ресей, Белорус елдері еске алып жатыр. Украинаның көптеген қалаларында апат салдарынан құрбан болғандарға арналған ескерткіш монументтерге гүл шоқтары қойылып, шырақ жағылды. 1986 жылы болған бұл апатты залалсыздандыруға қазақстандықтар да қатысқан. Апаттан кейінгі радиоактивті түтін аймақтан асып Еуропа елдеріне дейін тараған. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, 4 мыңдай адам осы апат салдарынан қаза тапты. Бірақ, ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар одан 100 мың адам құрбан болды деп отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG