Accessibility links

Иран мен Пәкістан президенттері құбыр мәселесін талқылады


Бүгін Исламабадта Пәкістан президенті Первез Мушарраф пен Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Үндістаннан Пәкістанға газ тасымалдайтын құбыр салу жоспарын талқылады. Пәкістан сыртқы істер министрі Шах Махмуд Қурешидің мәлімдеуінше, екі ел басшылары соңғы келісімді кешіктірген барлық мәселелердің шешілуіне өздерінің қанағаттанатындарын айтқан. Ахмадинежад бүгін Шри-Ланкаға, ал сейсенбі күні Үндістанға барады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG