Accessibility links

Еуропа Одағы Абхазияға қатысты Ресей шешімін сынады


Грузияның жікшілдік бағыттағы Абхазия аймағына қосымша бітімгершілік күштерін жіберу жөніндегі Ресейдің шешімін Еуропа Одағы сынға алды. Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Хавиер Солана сейсенбі күні Люксембургта Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен өткізген келіссөздерінен кейін хабарлады. Солананың айтуынша, бұл әрекет Мәскеу мен Тбилиси арасынлдағы шиеленісті жағдайды жақсартпайды.

“Егер тіпті Ресей бітімгершілік күштері санының көбейтілуі орынды болса да, егер біз теке-тіресті азайтқымыз келсе де, менің ойымша, қазір сарбаздардың санын өсіру ақылды шара емес. Мен бұл туралы достық көңіл-күйде Ресей сыртқы істер министріне де айттым”, - деді Солана.

Ресей Грузияның Абхазияға шабуыл жасау жоспары бар деп ескертіп, ол аймаққа қосымша сарбаз жібереміз деп мәлімдеген болатын. Грузия премьер-министрі Ладо Гургенидзенің айтуынша, Мәскеудің бұл әрекеті аймақты тұрақсыздандырады. Ал президент Михаил Саакашвили алпауыт ел Ресей Грузияны “ғаламдық теке-тіреске” тартпақшы деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG