Құрама Штаттар әскерінің Стратегиялық жоспарлар бойынша директоры, генерал-лейтенант Джон Сатлердің айтуынша, Пентагонға ондай жоспар жасауға бұйрық берілген жоқ. Ал, әскери шаралар бойынша директор, генерал-лейтенант Картер Хәм болса, Парсы шығанағында екі ұшақ тасығыштың осы аптада жүруі аймаққа АҚШ әскери мүмкіндігін көрсету мақсатын көздеуде. Бұл хабар тек Иранға ғана бағытталмаған, деді ол.