Accessibility links

Мысырда кезекті жол апатынан 9 шетелдік турист қаза болып, бірі аяғынан айрылды


ҚАЙЫР: Бүгін Мысырда туристік автобус аударылып, өртенді. Соңғы мәлімет бойынша одан 9 турист қаза болып, 27-сі жараланды. Шарм-аш-Шайх курортынан Қайырға қарай жүріп келе жатқан автобуста бас-аяғы 40-қа жуық турист отырған. Қай елдің азаматтары қаза тапқанын әлі анықтау керек. Бірақ Қайырдағы румын елшісі 1 румын әйелінің, ал Ресей елшілігі 1 азаматының опат болғанын растады. Мысыр шенеунегі хабарлағандай, жараланғандардың 14-і орыс, 4 ағылшын, 2 канадалық, 2 италияндық, 2 румын, 1 украин және 4 мысырлық болып шықты. Мысырда жыл сайын осындай жол апаттарынан шамамен 6 мыңдай адам көз жұмады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG