Accessibility links

“Халықаралық жұмысшылар күні” бүкіл әлемде наразылық шерулерімен өтті


ПРАГА: 1-інші мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні болып табылады. Ал бұл күнді “Халықаралық жұмысшылар күні” ретінде кейбір елде салтанатты шерулермен, өзге елдерде наразылық шерулерімен атап өтуде. Азық-түлік пен жанармай бағаларының күрт өсуіне қарсы Ресей мен Германиядан бастап, Түркия мен Индонезияда, әсіресе дамушы елдерде 10-даған мың халық наразылық шерулеріне шықты. Филиппиннің астанасы Манила қаласында президент пен үкіметке қарсы мыңдаған халық: “Глория Арройо – азық-түлік проблемасы! Жемқорлық жойылсын! Президенттің саясаты халықтың мұң-мұқтажына қарсы!” деген үндеулер айтып көшеге шықты. Мұндау наразылық Еуропа елдерінің көбінде өтуге тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG