Accessibility links

Беларус еліне жауап ретінде оның АҚШ-тағы дипломаттары санын азайтуға бұйрық беру туралы ресми Уашингтон шешім қабылдай қойған жоқ


Сәрсенбі күні ресми Минск ондағы АҚШ-тың 10 дипломатын елден шығару жөнінде шешім қабылдаған болатын. Бұған орай Уашингтонның терең алаңдаушылықта екендігі Беларус тарапына айтылды, деді Мемлекеттік департамент өкілі Том Кейси. Ресми Минскіге жауап ретінде жүзеге асырылуы мүмкін бірнеше шараның бар екендігі, алайда Уашингтонның мәселені әлі де талқылауда екендігі Беларус тарапына айтылды, деді Кейси. АҚШ-тың Минскідегі елшілігін жабу жөнінде де ешқандай шешім жоқ, деді ол.
XS
SM
MD
LG