Accessibility links

Далай Лама өкілімен Қытай ресмилерінің келіссөзі жексенбіде өтеді


Шетелдегі Тибет үкіметінің хабарлауынша, Қытай ресмилері мен Далай Ламаның өкілі арасындағы келіссөздер Қытайдың Шеньжен қаласында жексенбі күні басталады. Өткен айда Бейжин Тибет көтерілісшілерін Қытайдың басып тастағанынан кейін тап болған халықаралық қысымнан соң Далай Лама өкілімен келіссөз өткізуге келіскен болатын. Бірақ, Бейжин Тибеттің рухани жетекшісіне қарсылығынан қайтпай отыр. Бүгін қытайлық басылымдар бұл көптен күтілген кездесуге маңыз бермей, Тибеттіктердің көсемін тамыз айындағы Бейжин олимпиадасында бейберекеттік жасауды көздеп келеді деп айыптап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG