Accessibility links

С. Лавров Техран келісөздер кезінде уран байытуын тоқтатса деді


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдеуінше, Иран уран байытуын келіссөз барысында тоқтатқан жағдайда, әлемнің жетекші елдері Техранмен оның ядролық бағдарламасы бойынша жаңа келіссөздер өткізуді ұсынған. Лавров бұл туралы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі мен Германия өкілінің Лондондағы кездесуден кейін ИТАР-ТАСС тілшісіне айтқан. Жұма күнгі аталмыш мәселені талқылауларда Британия сыртқы істер министрі Дэвид Милибанд алты жетекші ел Иранды уран байыту жұмысын тоқтатуға көндіру үшін ынталандыру бойынша жаңа ұсыныс жасауға келісті деген. Бірақ, ол оның егжай-тегжейін ашып айтпады.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG