Accessibility links

Р.Гейтс АҚШ Ауғаныстандағы ролін кеңейтуді қарастырады деді


АҚШ Қорғаныс министрі Роберт Гейтстің айтуынша, Құрама Штаттар Ауғаныстанның оңтүстігіндегі НАТО қолбасшылығының күштерін өз бақылауына алуды қарастырып жатыр. Бірақ, Гейтс бұл елдегі әскери жетекшілікті алу тұрғысында қандайда бір шешім қабылданбас бұрын аталмыш мәселе НАТО одақтастарымен жақын талқыланады деді. Ауғаныстанның оңтүстігі Талибан қақтығысы күшейіп тұрған аймақ. Қазір ол НАТО қолбасшылығының бақылауында. Оның құрамында, Британия, Канада, Нидерланды және Австралияның әскерлері бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG