Accessibility links

Мьянмадағы дауылдан 240-тан аса адам құрбан болды


Мьянмадағы тропикалық құйын циклонынан қаза болғандар саны 240-тан асты деп, осы елдің мемлекеттік телеарнасы хабарлап отыр. Сағатына 190 шақырым жылдамдықпен соққан дауылдан бірнеше мыңдаған үйлер мен ғимараттар талқандалып, халық электр желілері мен сусыз қалды. Мьянманың әскери үкіметі ел астанасы Янгонмен бірге бес аймақты апат аймағы деп жариялады. Одан кейін бұл Наргис циклоны Тайландқа қарай кеткен, бірақ ол күшін жоғалтқан сияқты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG