Accessibility links

Қытайда балалар вирусынан көз жұмғандар саны 24-ке жетті


Қытайдың Циньхуа агенттігі хабарлағандай, бұл елдегі сәбилер арасында тараған ауру тез жайылып, бүгін одан 24 баланың өмірі қиылған. Денсаулық сақтау министрлігі балалар өліміне әкеліп отырған жұқпалы дертке байланысты кеше дабыл қаққан. Бұл елдің денсаулық сақтау мамандары баланың аяқ-қол мен ауыз қуысының ауруын тудырып, елде кеңінен етек жайған “EV-71” вирусын бақылаудан өткізіп, тексеріп жатыр. Қол-аяқ пен ауыз ауруы өте жұқпалы және ауырған баланың сілекейі арқылы тез таралып отыр. Мұнымен әдетте кішкентай балалар ауырады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG