Accessibility links

К. Райс Израйл-Палестина келісіміне жыл соңына дейін қол жеткізілуі мүмкін деді


Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Израйл мен Палестина арасындағы бейбітшілік келісімі әлі де осы жылы мүмкін болады деп өзінің сенетінін айтты.

“Біз Израйл мен Палестина арасында келісім жасау мақсатына осы жылдың соңында, президент Буштың мерзімі аяқталғанша қол жеткіземіз деп сенуді жалғастырамыз”, - деді Райс.

Бұл аймақта сапарда жүрген Райс ханым, бүгін Құрама Штаттардың бейбіт келіссөзге қарай бастаған әрекеттерінің бірі ретінде израйл мен палестина ресмилерімен бірқатар кездесу өткізді. Израйл мен Палестина осы жылдың соңына дейін келісімге қол жеткізу мақсатында қараша айында бейбіт келіссөздерді қайта бастауға келісті. Бірақ, ондағы алғабасушылықтар аз ғана болып отыр.
XS
SM
MD
LG