Accessibility links

АҚШ Иранмен келіссөздер жүргізудің мәні болмайды дейді


АҚШ Ирақтың қауіпсіздігі турасында Иранмен келіссөздерге баруға дайынбыз, бірақ Техран шиит милициясына қолдау көрсетуін жалғастырып жатқандықтан да, ол келіссөздердің еш мағынасы болмайды деп атап көрсеткен. Мемлекеттік департаменттің баспасөз өкілінің орынбасары Том Кейси мұны Техранның АҚШ күштері Бағдадтағы шиит милициясына қарсы шабуылдарын жалғастырып отырғандықтан, Иран АҚШ-пен Ирақ қауіпсіздігі жөніндегі келіссөздердің төртінші айналымына бармайды деп хабарлағанына жауап ретінде айтқан. Иран мен АҚШ мамыр айына дейін елшілер деңгейінде үш келіссөз өткізген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG