Accessibility links

Беларус АҚШ-ты өз азаматтарын шпиондық жасауға тартпақшы болды деп айыптады


Беларус КГБ-ның мәлімдеуінше, наурыз айында Минскіде жергілікті азаматтар мен АҚШ елшілігінің қауіпсіздік қызметкерлерінен құралған топ әшкереленген. Аталған топ милиционерлерді, қаланың орталығын, әуежай мен басқа да елді мекендерді суретке түсіріп, азаматтардың сыртынан заңсыз видео түсірілімдер жасаған деп атап көрсетілген мәлімдемеде. АҚШ бұл айыптаулардың негізі жоқ, жалған деп тапты. Беларустың бұл хабарламасы елден американдық дипломаттардың тағы бір тобын шығарғаннан кейін жасалды.
XS
SM
MD
LG