Accessibility links

Грузия премьер-министрі Ресеймен қарым-қатынасқа қатысты дипломатиялық шараларға шақырды


Ладо Гургенидзе Грузия-Ресей қарым-қатынастарын қалыпқа түсіру үшін халықаралық дипломатияны қолға алатын мезгіл жетті деп атап көрсеткен. Ол Рейтер агенттігіне берген сұхбатында Грузия тұрақсыздықты қаламайды дей келе, алайда Ресейдің сепаратистік Абхазия және Оңтүстік Осетия аймақтарына қолдау білдіруі, олардың Грузиядан бөлінуін заңдастыруға ұмтылу деп атап көрсеткен. Одан ертерек Грузия Ресейден әуе қорғанысы саласындағы ынтымақтастық келісімінен шығамыз деп мәлімдеген болатын. Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров қарым-қатынастарды ушықтырып отыр деп Грузияны айыптаған-ды.
XS
SM
MD
LG