Accessibility links

Ресей мен АҚШ ядролық энергия ынтымақтастығы жөніндегі келісімге қол қоймақ


Ресей мен АҚШ бүгін ядролық энергия ынтымақтастығы жөніндегі келісімге қол қояды деп күтілуде. Бұл туралы Ресей мен АҚШ елшілігінің ресмилері хабарлап отыр. Бұл келісім қырғи-қабақ соғысы кезіндегі бұрынғы жау екі мемлекеттің реакторларды дамыту мен ядролық материалдарды сақтау және тасымалдауға қатысты бірлесіп жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді. 2006-шы жылғы саммитте, АҚШ президенті Джордж Буш пен Ресей президенті Владимир Путин өз үкіметтерінен осы келісімнің жасалуына әрекет етіңдер деп сұраған болатын. Бірақ оған кей АҚШ конгресмендері қарсы болған-тұғын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG