Accessibility links

АҚШ әскерлерінің бір бөлігін Ирақтан қайтарады


Өткен жылы Ираққа жіберілген қосымша 5 АҚШ әскери бригадасының үшіншісі бұл елден шығарылып жатыр. АҚШ ресмилерінің хабарлауынша, бригаданың 3500 сарбазы алдағы бірнеше аптаның ішінде еліне қайтатын болады. Шілде айының аяғына дейін 20 мың АҚШ әскері Ирақтан шығарылады деп жоспарланған. Өткен айда президент Джордж Буш әскерлердің одан әрі қысқартылуы алдында қауіпсіздік жағдайын анықтау үшін шілде айынан бастап қалған 140 мың әскердің шығарылуы 45 күнге тоқтатылады деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG