Accessibility links

Қазақстанға келетін қырғыз еңбек мигранттары құқықтық көмекке мұқтаж


Қазақстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі биыл жазда еңбек мигранттарының саны 25 пайызға артады деп хабарлап отыр. Өткен жылы елге 2 миллионнан астам еңбек мигранттары келген. Және олардың ішінде 139 мың адам елдегі тіркелу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың көбі Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары деп хабарланады. Ал «Қырғызстандық құқықтық көмек орталығының» мәліметінше, Қазақстанда шетелдіктер үшін заңды жұмыс жасау қиын.

Қазақстан полициясының мәліметінше, биыл 139 мың адам елдегі тіркелу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған және шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған жергілікті 700 жұмыс беруші биыл жауапқа тартылды.

Астанадағы «Қырғызстандық құқықтық көмек орталығы» ұйымы өз отандастарын жұмысқа заңды түрде орналасуын сұрайды. Сонда жұмыс берушіге еңбекақы төлемеді деген шағымдар түскен жағдайда сот арқылы құқық қорғауға мүмкіндік болады. «Қырғызстандық құқықтық көмек орталығының» жетекшісі Топчыбай Досбаев Қазақстанда шетелдіктер үшін заңды жұмыс жасау қиын екенін айтады.

Қазақстанның көші-қон полициясының басқарма бастығының орынбасары Еркінбек Жиенбаевтың айтуынша, полиция тек өзіне қажет құжат сұрайды.

Қазақстанның ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2007 жылы елге 800 мың қырғыз мигранты келген. Ал 2008 жылға оларға 6 мың адамға квота берілді. Дегенмен, биыл Астанада сәуірдің 17 күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевпен өткен келіссөздерден кейін Қырғызстаннан келетін еңбеккер мигранттар үшін 90 күнге визасыз кіруге рұқсат беруге уәде берді. Қазақстанның көші-қон полициясының өкілі Еркінбек Жиенбаев екі ел президенттерінің ұсыныстары қазір жүзеге асырылып жатыр дейді. Бірақ, бұл ұсыныс әлі заңдастырылмағандықтан, шетелдік еңбек мигранттарына қатысты қолданыстағы заң күшінде екенін айтады «Қырғызстандық құқықтық көмек орталығының» жетекшісі Топчыбай Досбаев.

Құқықтық орталыққа шағымданып келген Астанадағы «Алтай» базарының саудагері Ибадат Сұлайманованың айтуынша, жергілікті жұмыс берушілердің кейбіреуі тек ақшалы мигранттарға жағдай жасайды.

Қазақстанның ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шетелдік еңбек мигранттары тек ресми мәлімет бойынша жыл сайын кем дегенде 13-15 миллиард теңгені Қазақстаннан алып кетеді.
XS
SM
MD
LG