Accessibility links

Грузия министрі Ресейді арандатушылыққа барып отыр деп айыптады


Министр Ресей Грузияның бөлініп кеткен Абхазия мен Оңтүстік Осетия аймақтарына қолдау көрсету арқылы соғыс өртін тұтандырғысы келеді деген айып таққан. Грузияның қайта қосылу істері бойынша министрі Темури Якобасшвили журналистер алдында сөйлеген сөзінде Ресейдің Грузияға жасап отырған қысымы соғысқа бастауы мүмкін деп айтқан. Якобасшвили Брюсселде Евродақ ресмилерімен Ресейдің жікшіл аймақтармен тығыз байланыстар орнатып, Абхазиядағы бітімгершілік күштерін екі есеге арттыру қадамдарына қарсы шешімдерді талқылауда.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG