Accessibility links

Бүгін Дмитрий Медведев Ресей президенті қызметіне кіріседі


Медведев Ресейдің Совет Одағы құлаған 17 жыл ішіндегі үшінші президенті. В.Путиннің мұрагері, 42 жасар Медведев наурыз айындағы президенттік сайлауда 70 проценттен астам дауыс алған болатын. Президенттің Кремльде өтетін инауграция салтанатына 2 мыңнан астам ресейлік және шетелдік қонақ қатысады. Кремльдегі салтанатта Медведевтің ант қабылдарының алдында В.Путин сөз сөйлейтін болады. Бүгін сегіз жылдық президенттік мерзімі аяқталатын Владимир Путин Ресей үкіметінің төрағасы лауазымына кіріседі деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG