Accessibility links

Мьянмарда Наргис циклоны құрбандарының саны 22 мыңнан асты


Бұл жөнінде Мьянмардың мемлекеттік басылымдары хабарлап отыр. Мемлекеттік телевизия мен радионың хабарлауынша, тағы да 41 мыңнан астам адам хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Ұлттық теледидар елдің әскери хунта билігі халықаралық ізгілік көмегін қабылдауға әзір деп хабарлады. Тропикалық циклон салдарынан жүздеген мың адам баспанасыз қалған. Хабарларға қарағанда, 10 мамырға жоспарланған конституциялық референдум циклоннан қатты зардап шеккен 47 елді мекеннен басқа аймақтарда өткізілуі мүмкін. Бұл әскери хунта билеген елдегі соңғы қос онжылдықта бірінші рет өткізілгелі отырған дауыс берулер.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG