Accessibility links

Жапон мен Қытай жетекшілері жыл сайын саммит өткізіп тұруға сөз берісті


Жапония мен Қытай жетекшілері екі елдің байланысын күшейту мақсатында жыл сайын саммит өткізіп тұруға келісті. Бұл туралы Токиода Қытай президенті Ху Дзиньтао мен Жапония премьер министрі Ясуо Фукуда келіссөздер өткізген соң айтылып отыр. Бұл президент Худың Қытай президенті ретіндегі Жапон еліне алғашқы ресми сапары. Кездесуден кейін өткізген баспасөз маслихатында, Жапония премьер министрі Қытайдың Тибеттегі билігіне қатысты халықаралық алаңдаушылықты азайту үшін ресми Бейжинді келешекте этникалық тибеттермен келіссөз өткізуге шақырды.
XS
SM
MD
LG