Accessibility links

Халықаралық көмек көрсетушілер табиғат апаты болған Мьянмаға баруға виза күтіп отыр


Бүгін БҰҰ-ның ресмилері хабаралап отырғандай, өткен жексенбіде тропикалық циклон Мьянманың бірқатар аймағын талқандап кеткен соң, 1 млн-ға жуық адам үй-күйсіз қалған. БҰҰ-ның Қайырымдылық істер жөніндегі кеңсесінің үйлестірушісі Ричард Хорсейдің атап көрсетуінше, табиғат апатынан кейін 5 мың шаршы шақырымдай жер су астында қалған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, дауылдан 22500-ден аса адам құрбан болды. Тағы 41 мың адам жоғалып кеткен. Ел астанасы Янгонға кейбір көмектер келе бастаған, бірақ халықаралық көмек көрсетушілер әлі Мьянманың әскери үкіметінен елге кіруге рұхсат күтіп отыр.
XS
SM
MD
LG