Accessibility links

Ауғаныстанда талибандар канадалық әскерді өлтірді


Канададан хабарланғандай, Ауғаныстанның Қандағар провинциясындағы қақтығыста Талибан содырлары Канаданың бір әскерін өлтірді. Тағы бір канадалық сарбаз Зари ауданындағы атыста жараланған. 2001 жылы АҚШ бастаған күштер Талибан билігін құлатқаннан бері, 83-ші Канада әскері мерт болып отыр. Канаданың қазір Ауғаныстандағы НАТО күштерінде 2500 әскері бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG