Accessibility links

Бүгін Дмитрий Медведев Ресей президенті ретінде ант қабылдады


Бүгін Владимир Путиннің орнына келген Дмитрий Медведев Ресейдің жаңа президенті ретінде ант қабылдады. Кремльде президенттік міндетті қабылдап алған соң, Медведев өзінің басты міндеті Ресейдегі экономикалық және азаматтық еркіндікті дамыту болатынын айтты. 42 жасар Медведевті Владимир Путин өзінің мұрагері ретінде атаған соң, ол наурыз айындағы президенттік сайлауда 70 пайыздан аса дауыспен жеңіске жеткен болатын. Путин Ресей Конституциясына сәйкес, төрт жылдан екі мерзім президенттік міндетті атқарып, орнынан кетіп отыр. Бүгін Медведевтің инаугурациясы алдында Владимир Путин:

«Сегіз жыл бұрын, мен бірінші рет Ресей президенті ретінде ант қабылдағанда, мен ашық әрі шынайы жұмыс істеуге, халық мен мемлекетке адал қызмет етуге сөз бергем. Және сол уәдемді бұзған жоқпын”, - деген.

Ресей президенті ретінде ант қабылдаған екі сағаттан кейін-ақ, Медведев Владимир Путинді премьер министр ретінде ұсынды.
XS
SM
MD
LG