Accessibility links

Ресейдің жаңа президенті алғашқы ресми сапарын Астанадан бастайды


МӘСКЕУ: Ресейдің кеше ғана міндетіне кіріскен президенті Д.Медведев өзінің ең алғашқы шетелдік сапарымен Қазақстанға және Қытайға барады. Бүгін Кремльдің баспасөз-қызметі хабарлағандай, Д.Медведев 22-23-інші мамыр күндері Астанада болып, қазақ президенті Н.Назарбаевпен кездеседі, одан кейін 23-24-інші мамыр күндері Бежинде 2 күн аялдап, Қытай лидері Ху Цзиньтаомен келіссөз өткізеді. Д.А.Медведев - Ресей президенті ретінде кеше ғана ант беріп, міндетіне кірісті.
XS
SM
MD
LG