Accessibility links

Ресейдің экс-президенті В.Путин – Ресейдің жаңа премьер-министрі


МӘСКЕУ: Ресейдің экс-президенті В.Путин – Ресейдің жаңа премьер-министрі. Мемлекеттік думаның бүгінгі шұғыл мәжілісінде оның үкімет басына бекітілуін депутаттардың 362-сі қолдап, 56-сы қарсы ашық дауыс берді. Одан кейін В.Путин жаңа үкіметтің бағдарламасы туралы сөз сөйлеп: “адамның игілігі үшін, халыққа лайық өмір сүретін жағдай жасау – үкіметтің ең басты да бірінші кезектегі міндеті болады. Барлық жобамыз бен бағдарламамыз осы міндетті көздейтін болады”, - деп мәлімдеді. Экс-президентті премьер-министр лауазымына Ресей президенті қызметін орындауға кеше ғана кіріскен Д.Медведев ұсынды.
XS
SM
MD
LG