Accessibility links

Қазақстаннан Румынияға 142 келі кокаин есірткісін алып шыққан түрік азаматы ұсталды


ХАРЬКОВ: Бүгін Украинада 14.2 млн. доллардың кокаин есірткісі тиелген түрік азаматының жүк көлігі ұсталды. “Интерфакс” агенттігінің хабарлауынша, 49 жастағы түрік азаматы жүргізіп келе жатқан жүк мәшинесі Қазақстаннан Ресей арқылы Румынияға келе жатып, Харьков қаласының маңындағы украин-ресей шекарасы бекетінен өтпек болған жерінде қолға түсті. Қауіпсіздік қызметінің өкілдері көлікті тінтіп, оған жасырын тиілген 142 келі болатын кокаиннның 116 кірпішін аңғарды. Интерполдың бағалауы бойынша, есірткінің мұндай мөлшері - өзінің тазалығына қарай – Еуропа нарығында 6-дан 14 млн. долларға дейін жететін көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG