Accessibility links

Мьянма үкіметі елге жіберілген барлық көмекті тәркілеген


БҰҰ-ның айтуынша, Мьянманың әскери үкіметі циклоннан зардап шеккендерге жіберілген барлық көмекті тәркілеген. БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының баспасөз-хатшысы Пол Рислийдің мәлімдеуінше, Мьянмаға көмек ретінде жеткізілген азық-түлік пен жабдықтар тәркіленген. Бұл мәселе шешілмейінше, Мьянмаға көмек тасымалын тоқтатудан басқа лажымыз жоқ, дейді Рисли. Ал БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер бойынша ресми өкілі Джон Холмс былай деп мәлімдеді:

“Біз адамдарға көмектеспекшіміз. Мұның ешқандай саяси астары жоқ, сондықтан мен Мьянма үкіметін жергілікті халыққа көмектесуімізге мүмкіндік беруге және өз көзқарасын өзгертуге шақырамын”.

Сенбі күні орын алған Наргис циклоны салдарынан 1 милионнан астам адам үйсіз қалды. Мьянманың мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, ол табиғи апаттан 23 мыңға жуық адам қаза тапқан, сондай-ақ шамамен 42 мың адам табылмай отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG