Accessibility links

Ауғаныстандағы шеруде кемінде 2 адам қаза тапты


Бүгін Ауғаныстанның Нангарар провинциясында мыңдаған адам халықаралық күштердің өткен түнде жүргізген әскери операциясында бейбіт тұрғындар қаза тапты деген наразылықпен, күре жолды жауып тастады.

"Олар біздің үлкен кісілерімізді өлтірді, біздің балаларымыз бен әйелдерімізге тиісті. Іс жүзінде, әл Қаида сияқты бізге жамандық көрсетіп отырған осылар, олар террорист” деп айқайлаған көтерілісшілер.

Полиция шерушілерді тарату үшін оқ атқанда, онда кемінде екі адам қаза тапқан. АҚШ әскерилері Нангарар провинциясындағы түнгі рейд кезінде өлтірілгендер тек содырлар деп отыр. Бірақ, онда қарапайым азаматтар да қаза тапты деген хабар ауылдықтардың наразылығына түрткі болды. Ауған үкіметі елдің шығысындағы халықаралық күштердің әскери операциясы барысында өлтірілгендер ішінде бейбіт тұрғындар бар деген ақпаратты зерттеп жатқанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG