Accessibility links

Шиит жауынгерлері атысты тоқтатуға келісіп отыр


Ирақтағы радикалды шиит жетекшісі Моқтада әл Садрдың көмекшісінің айтуынша, оның адамдары бірнеше аптаға созылған Бағдадтағы атыстарды тоқтатуға келісіп отыр. Моқтада әл Садрдың өкілі Шейх Саллах әл Обейдидің сөзіне қарағанда, Ирақ үкіметінің ресмилерімен жасалатын бұл келісім жексенбі күннен бастап күшіне енеді. АҚШ пен Ирақ күштері Бағдад аймағындағы әл Садрдың содырларымен бірнеше апта шайқасып келді. Содан бері жүздеген адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG