Accessibility links

АҚШ Иран мен Сирияны Ливан қақтығысын ушықтырып отыр деп айыптады.


Құрама Штаттар Иран мен Сирияны Ливандағы қақтығысқа май құйып отыр деп айыптады. Ливан астанасы Бейруттың үлкен бөлігін шиитттердің Хезболла тобы өз бақылауына алып отыр. Ақ Үйден хабарланғандай, 11 адамның өліміне әкелген қақтығыс үшін жауаптыларға қарсы шара қабылдау жөнінде бұл мәселені БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесімен талқылау керек. Хезболла жауынгерлері батысшыл Ливан үкіметін қолдаушылармен қақтығысты, оған үкіметтің шиит топтарының ықпалын шектеу жөніндегі қадамы себеп болды. Үкімет Хезболланың әрекетін қарулы төңкеріс деп атады.
XS
SM
MD
LG