Accessibility links

Мьянма елі табиғат апатының салдарына қарамастан, референдум өткізуде


Мьянма елде бір апта бұрын болған табиғи апатына қарамастан, жаңа конституция бойынша референдум өткізуде. Халықаралық үндеулер ең алдымен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін дауыс берулерді кейінге қалдыруға шақырған болатын. Референдум ондаған мың адамның өмірін әкеткен циклон болған аймақтан басқа елдің барлық жерінде өтіп жатыр. Мьянманың әскери үкіметі халықаралық көмекті қабылдап, бірақ шетелдік қолдау көрсетуші топтардың келуін қабылдамай елде дағдарыс жасап отырғанына байланысты халықаралық сынға тап болып отыр. БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, табиғи апат болған аймақтағы 1 млн-дай адамға азық-түлік пен ауыз су және дәрі-дәрмек өте қажет болып жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG