Accessibility links

Зимбабве оппозициясының жетекшісі президенттік орын үшін бәсекелесуге дайын екенін айтты


Зимбабве оппозициясының жетекшісі Морган Цвангираи өзінің президенттік сайлаудың екінші турында қазіргі президент Роберт Мугабемен бәсекелесуге дайын екенін айтты. Цвангираи наурыз айындағы президенттік сайлаудың бірінші сатысында алда келген. Ол кеше Оңтүстік Африкадағы журналистерге айтқанында, егер халықаралық бақылаушылар мен ақпарат көздері дауыс беру барысының әділ өткеніне қол жеткізе алғанда ғана сайлауға қатысатынын айтты. Оның партиясы биліктегі партияны наурыз айындағы оппозиция қолдаушыларына шабуыл жасады деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG